ОҚО әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығын әрбір ауданның климаттық жағдайына қарай дамытуды ұсынды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығын әрбір ауданның климаттық жағдайына қарай дамытуды ұсынды. Ол үшін алдымен өңірдегі суармалы жерлердің жағдайын жақсартып, жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу, екіншіден фермерлерге төмен пайызбен берілетін несиелердің көлемі арттыру қажет.