Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Ноябрь
2023

Қамаудағы белсенді Марат Жыланбаев ашық сот талап етіп, аузын тікті

0
Қамаудағы белсенді Марат Жыланбаев ашық сот талап етіп, аузын тікті

Белсенді, "Алға Қазақстан" тіркелмеген оппозициялық ұйымының жетекшісі Марат Жыланбаев ашық сот талап етіп, аузын тікті.

2 қарашада 1612 Info телеграм-арнасы сот құжатына "қарсылық ретінде мен аузымды тіктім" деген жазуы бар қағаз ұстап тұрған Марат Жыланбаевтың суреті мен өте қысқа видеосын жариялаған. Ақпаратты адвокаты растағанмен өзі процесте отырғандықтан мән-жайды толық түсіндіре алмады. 

Астана қаласының қылмыстық атқару жүйесі департаменті Марат Жыланбаевтың аузын тіккенін растады. 

"1 қарашада сотталушы Марат Жыланбаев аузын жіппен тігіп, тамақтан бас тарту туралы арыз берген. Ол өз әрекетін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2 қарашаға белгіленген сот отырысынн жабық өткізу туралы шешімімен келіспейтіндігімен түсіндіреді. Оның мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне шағымы жоқ. Сол күні мекеме басшылығымен профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін сотталушы Марат Жыланбаев тігісін алып тастады" деп жазылған ҚАЖД хабарламасында. 

Департаменттің хабарлауынша, Марат Жыланбаевтың "жағдайы қанағаттарлық, денсаулығына шағым жоқ. "Ол қосымша тексерулерден және медициналық мамандардың кеңесінен бас тартты" деді департамент өкілдері. 

Әзірге Азаттық Марат Жыланабаевтың жағдайы жөнінде адвокатынан біле алмады.

30 қазанда Астанада Марат Жыланбаевтың соты басталған еді. Алғашқы отырыста судья аты-жөндері аталмаған куәгерлердің өтінішін алға тартып, сотты жабық еткен еді. Қорғау тарабы сотқа сенімсіздік білдіргенмен өтініші кері қайтарылған.

Сол сотта Марат Жыланбаев сот процесін ашық жүргізуді сұраған.

— Сотты жабық өткізу - заңға, конституцияға қайшы. Ешқандай тәртіп бұзған жоқпын, мұны сотта дәлелдегім келеді. Егер жабық сот болатын болса, мені "қанша берсе" сонша уақытқа қамайды,- деді ол.

Қазір белсендінің соты ақпарат құралдарының қатысуынсыз жабық өтіп жатыр. Бұған дейін құқық қорғаушылар мен белсенділер "саясиланған іс бойынша" соттың жабық өтуін сынаған.

Кейінгі кезде билікті қатаң сынап, бейбіт акцияларға қатысып келген 60 жастағы белсенді Марат Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" және "экстремистік ұйымды қаржыландыру" баптары бойынша күдікке ілініп, мамыр айында қамалған. Соңғы рет оның қамау мерзімі 20 қазанға дейін ұзартылған. Танымал марафоншы, азаматтық белсенді Марат Жыланбаев тағылған айыптарды жоққа шығарған. Құқық қорғаушылар қауымдастығы оның ісінің саясиланғанын айтып, оны "саяси тұтқын" деп таныған.

Марат Жыланбаев биыл кезектен тыс парламент сайлауына депутаттықтан үміткер ретінде тіркелген. Билік "ерте үгіт-насихат жасады" деп айыптап, кандидаттар қатарынан алып тастады.

Өзінің сайлауалды бағдарламасында Жыланбаев Қаңтар оқиғасын тергеуді, қантөгістен зардап шеккендерге өтемақы төлеуді, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қатысты тергеу жүргізуге шақырған.

Билік ол тіркемек болған оппозициялық "Алға, Қазақстан" партиясының тіркеу туралы өтінішін талай кері қайтарды.

Әлемнің 39 елінде демократия белсенділері мен құқық қорғаушылар, адвокаттар мен журналистерді біріктіретін World Liberty Congress үкіметтік емес ұйымы жуырда "Марат Жыланбаев жөн-жосықсыз ұсталды" деп таныған.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин. Главное за день





Москва

Артисты – они все особенные!


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин объявил об окончании строительства городского вокзала «Кутузовская»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Анастасия Волочкова

«Это конец артистки»: Зверев уверен, что проблема Волочковой не в алкоголизме




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Среди сотрудников уголовно-исполнительной системы Республики Дагестан определили лучшего гроссмейстера

В филиалах АО "Желдорреммаш" прошли мероприятия ко Дню защиты детей

Дмитрий Вязьмикин – тренер по индивидуальной подготовке молодежного футбола «Локо»


Ролан Гаррос

Теннисистка из Пятигорска вышла в четвёртый круг турнира Большого шлема



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

В филиалах АО "Желдорреммаш" прошли мероприятия ко Дню защиты детей



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России