Түркістан одағы. "Сенім азайған" ТМД еске түсірген идея
Назарбаевтың мәлімдемесі Түркі бірлігі, Тұран одағы және Түркістан конфедерациясы мәселесінің көтерілуіне себеп болды ма? Мұндай ықпалдасудан қоғам не күтті, билік не істеді? Демократиялық күштердің ұстанымы қандай еді? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының кезекті эпизодында осы туралы айтамыз.