Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Ноябрь
2023

Ұлытау облысының құтқарушылары Қарағанды және Шахтинскідегі әріптестерінің талаптарын қолдады

0

Ұлытау облысының Қаражал кәсіби әскериленген апаттық-құтқару отрядының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері саладағы мәселелерді айтып, қызметті жақсарту және мекемені мемлекет меншігіне қайтару туралы талаптарды алға тартып, Қарағанды облысындағы әріптестерін қолдап үндеу жасады.  

"Біз Қарағандыдағы бірінші және екінші апаттық-құтқару отрядының құтқарушыларымен толық келісеміз және оларды қолдаймыз" дейді видеода құтқарушылардың бірі.

Бұған дейін Қарағандының тау-кен құтқарушылары 46 кенші қаза болған Костенко шахтасындағы апатты жою кезіндегі проблемаларды айтқаннан кейін басшылықтың қысымына ұшырағанын мәлімдеген. Ал жұмысшыларға араша түспек болған тәуелсіз кәсіподақ төрағасы полицияға шақыртылған. Ол түсініктеме жазып, кейін босатылған. Ізінше Қарағандыдағы құқтқарушылардың талаптарын Шахтинскідегі әріптестері де қолдап, салада мәселелер барын растап, оларды мемлекет деңгейінде шешу керектігін айтқан. 

4 қарашада кәсіби әскериленген апаттық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабының телеграм-арнасында бас директордың мәлімдемесі жарияланды. Ол тау-кен құтқарушыларының ақпарат құралдарындағы мәлімдемесін "тосын жайт" деп атады. 

- Кездесудің нәтижесінде біз бастама тобын құрдық, қызметті жақсарту бойынша алғашқы жұмысшылар жиналысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Жігіттер көп мәселені қозғаған, атап айтқанда арнайы киім, жабдықтау, апат орнындағы жұмысты есептеу мәселелерін айтты. Барлық мәселены талқылап, ортақ шешім табуға болады, – деді кәсіби әскериленген апаттық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабының бас директоры Диас Мағзұм. 

Ол қызметкерлердің ешқайсысына тәртіптік айыппұл салынбайтынын және жұмыстан қуылмайтынын айтты.

3 қарашада Қарағандыда 15 шақты тау-кен құтқарушысы (кейбірі қысым болғанын мәлімдеп, Костенко атындағы шахтадағы апатты жою жұмысынан шеттетілгенін хабарлаған) бірқатар талап айтқан. Олар қызметті мемлекет құрылымына қайта кіргізіп, тиісті қаражат бөлуді, жалақыны өсіріп, бұған дейін жұмыстан шығарылған ұзақ жыл тәжірибесі бар жұмысшыларды жұмысқа қайта алуды талап еткен. 

Жұмыстан шығарылғандардың бірі – тәуелсіз кәсіподақтың төрағасы Алексей Головчиц. 3 қараша күні басшылықпен кездесуден кейін олар жаңа мәлімдеме жасап, мәселеге президент араласуы керек, ал қызмет коммерциялық құрылым болмауы керек деп айтқан. 

Тау-кен құтқарушылары мен қызмет басшыларымен кездескеннен кейін Қазақстанның кәсіподақ федерациясы жұмысшыларды ақпарат құралдарына шыққаны үшін қудалауға қарсы екенін айтқан. Қазақстанның кәсіподақ федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінекеев тау-кен саласындағы құтқарушылар жалақыны өсіру, жабдықтарды жаңарту және арнайы киіммен қамтамасыз ету туралы талаптар заңды деп есептейтінін айтқан.

Қауіпті өндіріс нысандарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кәсіби әскериленген апаттық-құтқару қызметі бұрын мемлекеттік ұйым болған. 2018 жылы желтоқсанда жеке қолға өтіп, "Кәсіби әскериленген апаттық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы" ЖШС деп аталды. Бұл компанияның республика бойынша 11 бөлімшесі бар.

Кәсіпорынның есебіне сүйенсек, мекеме өздері қызмет көрсететін субъектілермен келісім жасасып, республикалық бюджеттен ақша алмай, өзін-өзі қамтамасыз етеді. Аталған қызмет техногенді немесе табиғи ірі апаттарды жоюға қатысады. Бірақ оның негізгі міндетіне апаттарды жою және адамдарды құтқару ғана емес, апаттық жағдайдың алдын алу да кіреді.





Губернаторы России
Москва

Собянин: В июне в Москве пройдет цикл мероприятий для собак и их владельцев





Москва

В Подмосковье сотрудники Росгвардии задержали подозреваемого в краже товаров из магазина


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: В июне в Москве пройдет цикл мероприятий для собак и их владельцев



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Алсу

KP: муж изменял Алсу последние 10 лет




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

ЦСКА разорвал дистанцию // Армейцы увеличили преимущество в финальной серии Единой лиги ВТБ

При поддержке MR Group прошел полумарафон «ЗаБег.РФ»

Бойцовская лига «Наше Дело» представит спортивную зону на Дне России


Елена Рыбакина

Елене Рыбакиной поставили неожиданный «диагноз»



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Эксперт сенсационно раскрыл загадку Мессинга и Жириновского.



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России