Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Ноябрь
2023

"Анамның жаназасына қатыса алмадым". Сарыағашта "заңды бұзған" жүздеген еңбек мигранты еліне қайта алмай отыр

0

Бірнеше күннен бері Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы әкімшілік сот ғимаратын жүздеген еңбек мигранты торуылдап жүр. Кейбір мигранттың отбасы мен бала-шағасы да осында. Тәжікстан және Өзбекстаннан нәпақа табуға келген мигранттарды қазақстандық шекара қызметі "елде заңсыз жүр" деп айыптап отыр. Құжаттарын тәркілеп, істерін сотқа өткізген. Сот әкімшілігі күніне кемі 150 адамның ісі түсіп жатқанын, тіркеп үлгермей жатқанын айтады. Ал сот алдында күтуден әбден мезі болған мигранттар ас-су, пәтер жалдауға қаражаттары қалмағанын айтып налиды.

"БАЛАМНЫҢ ТОЙЫ КҮНІ ШЕКАРАДАН ӨТЕ АЛМАЙ ҚОР БОЛДЫМ"

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілік сотының алдында кейінгі бір аптада адам қарасы ерекше көп. Мұнда Қазақстанның әр өңірінде нәпақа тауып, үйлеріне қайтып бара жатқан, жолшыбай "заңсыз жүргені үшін" ұсталған жүздеген мигранттың соты өтіп жатыр.

Сарыағаш - Өзбекстанға ең жақын жатқан, “Жібек Жолы” қазақ-өзбек шекара бекеті орналасқан Қазақстанның оңтүстігіндегі аудан. Сарыағаш ауданының әкімшілік орталығы Сарыағаш қаласында 40 мыңнан астам халық тұрады.

Мигранттардың алды мұнда 10-11 күн жүрген. Сот ғимараты маңындағы кейбір үйлер әдейі мигранттарға арнап аулаларынан кішігірім "тамақтану орындарын" ашып алған.

Кейбір "көлік дүкендері" де мигранттардың мұнда жүргеніне көп болғандығынан хабар бергендей.

Өзбекстанның Жиззах қаласынан келіп Қазақстанның Талдықорған қаласында жалданып жұмыс істеген Муратхон Жалоловтың Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік соты ғимараты алдына жиналған жүздеген адаммен бірге сот шешімін күтіп тұрғанына 11 күн болған. Оны Жібек жолы шекара бекетінде шекарашылар «Қазақстанда заңсыз жүргенін» анықтап, ісін паспортымен бірге сотқа жібергенін айтқан.

- Құрылыста жұмыс істеймін. Сәуір айында Талдықорғанда делдалдар арқылы жұмыс істеуге рұқсат алу үшін құжат өткіздік. Бізге 3 айға рұқсат берілді деген. Үш айдан соң қайта тіркейін десек лимит бітті деді. Бастап қойған жұмысымызды тастап кете алмадық, - дейді ол Азаттыққа 4 қараша күні.

Жалолов бірге жұмыс істеген серіктерімен жақын маңдағы үйдің бір бөлмесін жалға алған. Таңертең сот алдына келіп, түн ортасында жатын орынға баратын олар сот шешімін күте-күте шаршаған.

- Сот қызметкерлері шекарашылар паспортты әлі әкелмеді дейді. Бұдан артық қанша уақыт күтуге болады? - деп көз жасын сүрткен ол, - Бүгін ұлымның тойы. Ал мен шекарадан өте алмай қор болып тұрмын. Депортация жасаса да келісемін, - деді.

Жалолов сөзін аяқтай бергенде әңгімеге екінші адам араласты. «Кімнен көмек сұрасам болады?» деді өзін Өзбекстанның Хорезм облысы Үргеніш қаласының тұрғыны Жасур Шарипов деп таныстырған ер адам ентігіп.

Айтуынша, 2022 жылы Қазақстанда заңсыз жұмыс істегені үшін 83 мың теңге айыппұл төлеген. Биыл Қырғызстан арқылы Қазақстанға қайта өтіп, құрылысқа жұмысқа кірген. Жақында анасының денсаулығы күрт нашарлаған соң Өзбекстанға жетуге асыққан.

- Келгеніме бір ай толмады. Құжатымды тіркетіп үлгермедім. Анамды көру үшін жұмыстан сұранып едім. Үш күннен бері сот шешімін ала алмадым. Кеше (3 қараша күні – ред.) анам қайтыс болды. Жаназасына қатыса алмай тұрмын. Айыппұл болса, айыппұлды төлейін. Депортация жасаса да мейлі. Сот шешім шығарып берсінші. Мұнда жанайқайымды тыңдайтын адам бар ма? - деді ол дауысы дірілдеп.

Сот маңы ығы-жығы адам. У-шу. Шарасыздықтан ары-бері жүріп, кездескен адамнан көмек сұраған бұл екі адамның сөзі көпшіліктің дауысына жұтылып кете берді. Шамамен 300 адамды полицейлер сотқа қарама-қарсы тұрған бос алаңға тұруды бұйырды.

Тек жиырма шықты әйел сот ғимараты алдында қалды. Арасында балалы әйелдер де бар. Олар көлеңкеге барып тұрды.

Еркектер жолдың арғы бетінен сот есігінен шыққан үш хатшыны аңдиды. Хатшылар он шақты шетел азаматының паспортын көтеріп шыққанда кезек күткендер оған қарай жүгірді. Осы кезде полиция олардан ара қашықты сақтауды талап етті. Араларынан сайлап қойған адам паспорт иесінің аты-жөнін бар дауысымен атай бастады. Әр жерден «мен» деген дауыс естіліп, сот ғимаратына қарай асығып жүгірген адам көрінеді.

Кейбірінің аты-жөні аталғанымен, өзі жоқ болып шықты. Хатшы қолындағы паспортқа қарап шақыру біткенде күтушілер «е-е-е» деп күрсініп кері шегінеді. Кейбірі «26 қазан күні түскен іс қашан қаралады?» «Неге 27 қараша күні түскен істі емес, 29 қараша күні келгендерді шақырдыңыз?» деді. «Күтіңіздер» деді хатшы қысқа қайырып.

Төзімі таусылған адамдар өзінің аты-жөні естіліп қала ма деп қайта-қайта жолдың сот ғимаратына жағына өте берді. Сол сәтте сот ғимаратын күзеткен полицейлердің «Арғы бетке өт!» деген өктем үні шығады.

"ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫС ІСТЕП, ТӘЖІКСТАННАН ҮЙ АЛДЫМ"

Кезек күтіп тұрғандардың барлығы-дерлік Қазақстанның әр аймағында жұмыс істеп, нәпақа табуға келген өзбек және тәжік азаматтары. Бірі – заң талабына сай еңбек ету үшін 3 айға тіркеуге тұрған. Бірақ 5-6 ай жұмыс істеген. Бірі мүлде тіркеуге тұрмаған. Көбінің киімі жұпыны, жұқа. Арасында далада түнеп, тамақтанып жүргендер де бар.

Аты-жөнін айтудан бас тартқан 35 жастағы тәжікстандық әйел 2012 жылдан бері Алматыда үй тазалап, аула сыпырып, ыдыс-аяқ, еден жуып нәпақа тапқан. Тамыз айында тіркеу уақыты біткен соң денсаулығына байланысты қайта құжат өткізе алмаған.

- Тәжікстанда жұмыс жоқ. Жалақы аз. Қазақстанның ақшасымен есептесеңіз айлық жалақы 40-50 мың теңге. Бұл күнкөрістен артылмайды. Мұнда айына 300 мың теңгеге дейін табуға болады. Мысалы, Қазақстанда жұмыс істеп Тәжікстаннан үй сатып алдым, - дейді ол.

Оның жанында кезек күтіп отырған қарақалпақстандық әйел күйеуімен бірге Алматы облысы Есік қаласында егістікте жұмыс істеген. Күйеуі құжаттарын рәсімдегенімен, өзі тіркеуге тұрмаған.

- Үш балам бар. Екеуі – мектеп оқушысы. Балаларымды ата-енеме тастап, күйеуіммен Қазақстанда жұмыс істейміз. Енді қайтеміз, күнкөру керек. Нөкісте бір күндік жалдамалы жұмыстың ақысы 5 мың сум (190 теңге – ред.). Бұл күнделікті тамақ пен коммуналдық төлемге де жетпейді. Ал Қазақстанда күндік жұмыстың өзіне кемі 5-10 мың теңге төлейді, - дейді ол.

Ерлі-зайыптылар сот шешімін 4 күннен бері күтіп отыр. Көлікте түнеп, ақшасын үнемдеу үшін нан мен салқын суды азық етіп жүр.

- Кеше осында ыстық палау пісіріп, тәрелкесін мың теңгеден сатты. Ыстық тамақ ішкіміз келсе де, ақшамызды қимадық. Әлі қанша уақыт күтетінімізді білмейміз ғой. Мың теңгені үнемдеп бір күндік тамағымызды алып отырмыз. Шыдайық дедік, - дейді қарақалпақстандық әйел.

"ДЕПОРТАЦИЯ"

Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының мәліметінше, сотта 10 қазаннан бастап «Жібек жолы» шекара бекетінен сотқа түскен 5 мыңнан аса шетел азаматының ісі қаралған. Одан бөлек мыңға жуық іс тіркелген. Әлі күніне шамамен 150 іс тіркеліп жатыр. Олардың дені – Өзбекстаннан Қазақстанға жұмыс істеуге келіп, тіркеуге тұрмай жұмыс істегендер.

Адам санының шектен тыс көбеюіне байланысты Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік соты демалыс күндері толық жұмыс істеуге көшкен. Оған қоса Түркістан облыстық сотынан қосымша судья тартылған.

- Бәрі дұрыс, айыппұл төлеу туралы шешім шығарды, - деді сот залынан шыққан еңбек мигранты Азаттыққа.

Екіншісі: "Депортация, айыппұл төлеймін десем де көнбеді. 5 жылға Қазақстанға кіре алмайтын болдым" деді басын қайта-қайта сипап.

Өзбекстандық Муслимбек Аскаров 12 жылдан бері Қазақстанда құрылыста жұмыс істеген. Биыл 5 ай рұқсатсыз жұмыс істегені үшін сот оны Қазақстаннан әкімшілік жолмен шығаруға шешім шығарған.

- Қазақстан Өзбекстанға жақын. Тілін түсінетін едік. Мұсылман ел ғой. Енді қайда баратынымды білмеймін? - деді ол.

- Мені де депортация жасады. Бұдан 3 ай бұрын тіркеу уақыты біткен. Қайта тіркеуге барсам, орын жоқ деді. 15 жылдан бері бірінші рет тіркеуге тұра алмадым. Бәріміз бала-шағаның қамымен жүрміз. Өзбекстанда жұмыс аз. Енді не істейміз? - деді сұраулы үнмен.

Олардың депортацияға іліккенін естігенде жерлестері «жо-о-оқ» деді хормен. Ал айыппұл салынғандар жақын маңдағы "Қазпошта" бөлімшелері арқылы төлеуге асықты.

Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Берік Каиповтың Азаттыққа айтуынша, сот шетелдіктерге Әкімшілік кодекстің «Шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзу» бабымен жаза тағайындап жатыр. Біріне 86 мың теңге мөлшерінде айыппұл, енді бірін шекарадан шығарып жіберуге шешім шығарған.

- Қазан айынан бастап күніне 200-300 іс түсті. Түскен істе бір күнде қарап, шешім шығару керек. Бірақ іс тым көп. Тіркеп үлгермей жатырмыз. Қазір 800 шамасында іс тіркеуді күтіп тұр. Айыпталғандардың ішінде әйелдер мен кәмелет жасқа толмаған балалар да бар, - дейді Берік Каипов.

Ресми мәліметке қарағанда, 2008-2013 жылы Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік соты жылына шетелдік азаматтарға қатысты 10-13 мыңға дейін істі қараған. Содан кейін азайған. Биыл қайта шектен тыс көбейген. Жыл басынан бері қаралған істің саны 8 мыңнан асқан.

Сот әкімшілік істің көбеюін Сарыағаш ауданындағы "Жібек жолы" шекара бекетімен байланыстырады. Ал қазақ-өзбек шекара бекетінде ұсталған еңбек мигранттарынан бөлек ұзын-сонар кезек пайда болған. Жеңіл көлікпен бекеттен өтуге кезекте тұрғандардың қарасы көп.

Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік соты күніне 200-300 шетел азаматына қатысты шешім шығара бастаған. Айыппұлын төлеп, түбіртегін сот кеңсесіне өткізгендерге паспорты кеш батқанда беріліп жатыр. Құжатын алғандар түн демей шекара бекетіндегі ұзын-сонар кезекте тұрған адамдар қатарына қосылып, Өзбекстан аймағына өтеді.





Губернаторы России
Москва

Собянин сообщил о планах создания отечественной платформы электромобиля





Москва

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» помогает Государственной Думе РФ оптимизировать налоговую сферу. «СВЯТОЙ кибер ЛЕНИН» удаляет налоги: перезагрузка.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин. Главное за день



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Булат Окуджава

Ивана Урганта исключили из программы концерта памяти Булата Окуджавы




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

В Москве пройдет Братский кубок с "Динамо", ЦСКА и сербскими "Партизаном" и ОФК

Пензенские регбистки выиграли первенство России

Анонс выпуска городской газеты «Деловой Новочеркасск» №17 (185)


ATP

Хачанов вышел в третий круг турнира ATP в Риме



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Роботы-курьеры «Яндекса» будут доставлять заказы в ещё нескольких районах Москвы



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России