СҚО-да 90 орындық жаңа балабақша ашылды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ақжар ауданы Қулыкөл ауылында 90 орынға шақталған «Балапан» балабақшасы ашылды. Мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемені «Еңбекпен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша салды. Бұл туралы Ақжар аудандық білім бөлімінің заңгері Сая Жанғалиева айтты.