ҚР Қарулы Күштерінде Зымыран әскерлері және артиллерия күні атап өтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Қарулы Күштерінде көне әскер тектерінің бірі Зымыран әскерлері мен артиллерия күні атап өтілуде. 1940 жылы «соғыс құдайы» ретінде бейнеленген бұл әскер түрі Ұлы Отан соғысының шайқас алаңында өзінің мақсатын орындап шықты. Барлық операцияларда дерлік артиллерия ең басты тапсырмаларды орындап, қарсыласты қырып-жоюдың негізгі атыс құралы болды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.