Павлодар әкімі жастарға Ю.Гагарин атындағы саябақты өз қарауына алуды ұсынды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жастар саясаты және патриоттық тәрбиелеу бойынша кеңес отырысында Павлодар әкімі Болат Бақауов қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Ю.Гагарин атындағы саябақты бақылауды қалалық жастарға тапсыруды ұсынды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.