Қазақстанда 35 ғалымның ғылыми жобалары коммерцияландыру аясында 880 млн. теңге табыс тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Технологияларды коммерцияландыру орталығының 2014 жылғы ілкі жобасы аясында ғылыми грант алған 65 жобаның ішінен 35 ғалымның жұмысы коммерцияландыру мақсатын орындап, барлығы 880 млн теңгенің өнімін сатқан. Бұл туралы бүгін коммерцияландырудың тиімді жүйесін құру мәселелері талқыланған дөңгелек үстел барысында «Технологияларды коммерцияландыру орталығының» директоры Дамир Егізбаев мәлім етті.