Астанада қазақ ғалымдарының зерттеулерін коммерцияландырудың жолдары талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландырудың тиімді жүйесін құру мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті. ҚР БҒМ Технологияларды коммерцияландыру орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесу барысында Қазақстанның және шет елдердің сарапшылары ғылыми зерттеулерді коммерцияландырудың тиімді жүйесін құруға қатысты өз ойларын білдірді.