Исатай мен Жәңгір ханның қарсы болуы
Беріштің басты адамдары Исатайды ертіп ханға барады. Хан олардың жұмысын сұрайды. Барған басшы адамдар Балқы бидің орнына Исатайды би етіп тағайындауын сұрайды. Хан Исатайға қарап тұрып сынайды. Содан кейін барған беріштің басшыларына:
— Жігіттерің сырты қысқа, бауыры жазық, жүргіш болғандай екен», — дегенде, Исатай тұрып:
— Жүргіш болсам, қызметің жылдам бітер, ашулы болсам, көңілім келсе, күлдіремін, көңілім келмесе, бүлдіремін, — депті.
Сонда хан тұрып:
— Әр ханның тұсында бір сұрқылтай болады дейтін еді, менің заманымдағы сұрқылтай осы болмағай еді, — деп айтады да, — халық басшылары алып келген соң, мұнда болсын!» — деп алып қалады. Содан кейін Исатай жұмысқа араласып...