Батырдың сауыт-сайманы
Саржала — XVIII ғасырдың аяғында өмір сүрген, атағы елге кең тараған, игілік-шарапаты жарлы-жақыбайға мол дарыған, әйгілі халық батырларының бірі.
Саржала батыр мал жинап, дәулет асырып, байлықты мақсат етпеген. «Байлық — мұрат емес, жоқтық — ұят емес» деген қағиданы ұстанып, өмірін, қайрат-қабілетін қара халықтың дұшпандарымен күрес жолына жұмсаған адам.
Саржала батырдың үш баласы болған, бірақ бұлардың ішінде асқан қайрат иесі, ақыл-парасаты кең, халық ұлы атанардай, әкесінің жолын қуардай ешкім болмаған.
Саржала батыр сексеннен асып, тоқсанға жақындағанда: «Апырм-ай, Тәңірім өзіме теңдес бір ұл бермеді-ау, өмір бойы ұстаған мақсат-мүддемді кім жалғастырар екен! Мына сауыт-сайманым шіріп далада қалар ма екен?» — деп қалың ойға...