Аң, балық аулауда қандай қауіпсіздік шаралары бар
Демалыстың сәті түскенде балық аулауды әдетке айналдырған ер азаматтар аз емес. Оларға жылдың қай мезгілінде де өзен-көл жағасында балық аулау – ғанибет. Аң аулау маусымын да күтіп жүретіндер баршылық. Осы ретте жеке бас қауіпсіздігі шараларына назар аударған артық болмайды. Kazinform бұл орайда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Еркін Назарқұловты әңгімеге тартқан еді.