Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғалымды 80 жылдық еске алу дөңгелек үстелі өтті
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Молдабеков Жақан Жанболұлының 80 жылдығына арналған еске алу дөңгелек үстелі өтті
2023 жылдың 6 қарашасында Тұрақты даму мақсаттары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Молдабеков Жақан Жанболұлының 80 жылдығына арналған еске алу дөңгелек үстелі өтті.
Молдабеков Жақан Жанболұлы - көрнекті ғалым, «қазақтану» ілімінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтану және жаңару философиясы мәселелерінің әдістемелік негіздерін салушы, сонымен бірге ұлттық тәрбиенің тәлімдік өнегелері және қазақ ақын-жырауларының, би-шешендерінің дүниетанымы мен философиясы төңірегінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген ұлағатты ұстаз.
Дөңгелек үстелге Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизұлы, философия кафедрасының доценті Асқар Лесхан Әмірханұлы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы, Т.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан...