Ота жасаған адамның сауығып кеткенін көрген сәтті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес – кардиохирург
Ауру азабын тартқан сәтте ажалға араша болатын ақ халатты жандардың еңбегі өлшеусіз. Еңбек тәжірибесінде 670-тен астам науқастың жүрегіне ота жасаған Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінің білікті маманы, кардиохирург Ермек Торсықбаев қызығы мен қиындығы қатар жүретін медицина саласындағы жұмысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.