Сананың ең биігіне жеткен адам - өзін жеңген жан
Алу үшін беру керек. Бұл - заңдылық. Тек ала беру адамды жалмауыз етеді. Эгосын ғана тойдыра берген адамнан қасиет кете бастайды. Сосын оның орнын ештеңемен толтыра алмайсың. Ең сүйікті дүние де, биік орындық та, әдемі киім де, атақ та, басқа да уақытша жұбаныш.
Дүниеде адам күлетін, адам жылайтын, адам ұялатын, адам жиіркенетін, адам лағынет айтатын қылықтар, іс-әрекеттер жасалып жатыр. Бұл әрекеттердің әр жағында мейірімге, махаббатқа, жылылыққа зәру адам тұр.
Алу үшін беру керек. Бұл - заңдылық. Тек ала беру адамды жалмауыз етеді. Эгосын ғана тойдыра берген адамнан қасиет кете бастайды. Сосын оның орнын ештеңемен толтыра алмайсың. Ең сүйікті дүние де, биік орындық та, әдемі киім де, атақ та, басқа да уақытша жұбаныш.
Неге адамдар тапқан таянғанына киім ала береді, неге дүние жинай береді, неге үнемі дүкен аралап жүреді, жоқ болғаннан емес, көбі эгосын қанағаттандыру үшін. Ол қуаныш та ұзаққа созылмай, бітіп қала береді....