Қарағандыда бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген орманшы 14 жылға сотталды
Қарағанды облысы Ботақара ауылының тұрғыны ажырасу кезінде бұрынғы жұбайын пышақтап өлтірді. Ер адам аң аулайтын пышағын бұрынғы әйеліне үш рет сұғып алған. Әйел алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Кazinform.