Биылдыққа полиция 9 мың телефон ұрлығын тіркеді
Бүгінгі таңда ұялы телефондар тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар жеке деректерді, қаражат пен банк карталарын сақтауға арналған платформа. ІІМ мәліметтері бойынша, смартфондар, әсіресе қымбат модельдер ұрлықтың нысанасына жиі айналады, олардың кейбірінің құны шамамен 1 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazinform.