Зайырлы қоғамдағы әйел теңдігінің маңызы
ХХІ ғасырда әйелдер мен ерлер үшін құқықпен еркіндікті сипаттайтын гендерлік саясат жүргізілуде. Соның арқасында қазір мемлекеттік органдарда, экономикалық салаларда, бизнисте нәзік жанды адамдар ер адамдармен қатар еңбек етуде. Бұл - сол саясаттың жемісі. Сұлулар іскерлігімен, қабілетімен, дарынымен еліміздің кемел келешегі үшін үлкен тиянақты жұмыстар атқарып келуде. Оны елеусіз қалдыруға болмайды.
Қазақ даласында Егемендік үшін арыстандай алысқан әйелдер аз болмаған. Күлл тарихта өшпес із қалдырған, ерлігімен қатар, даналығы аңыз болып қалған, бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақ тайпасының батыр қыздары - Томирис және Зарина кітап беттерінде қалды. Мысплы, Жоңғар шапқыншылығы тұсында Абылайхан Дарабозым деп еркелетіп,...