Науша батырдың елге оралуы
Науша кішкентайынан бірге ойнап, тай-құлындай тебіскен құрдасы, әрі аталасы Шеркеш би екеуі Бөкейлікті тастап, Жайықтың шығыс бетіндегі ата қоныстарына көшеді. Бұл шамамен ХІХ ғасырдың жиырма жеті, отызыншы жылдары болса керек. оған себеп Шеркеш би Жәңгірмен патшаға барып, қайтып келе жатқанда уфада қалған атасы Нұралының басы- на зиярат етеді. Сол кезде хан күрсініп: «Е, бабам-ай, сенің елден жырақ, естектер елінде жападан жалғыз жатқаның қарғадай шулаған қара қазақ, оның содыр-сойқаны Сырымнан ғой. Шіркін, соның кегі қайткенде қайтар?!» — деген екен.
Мұны естіп тұрған Шеркеш би тыныш отыра алмай:
— Хан ием, елде ала алмаған кегіңіз айдалада қаңғырып аштан өлген атаңыздың басына келгенде...