Экологиялық мәселе – әлемдік проблема
Адамзаттың экологиялық апаттардан зардап шегіп келе жатқанына ғасырға жуық уақыт болды. 20 ғасырдың екінші жартысында қозғалған мәселелердің көбі әлі күнге дейін өз шешімін таппай келеді. Шешімін табу былай тұрсын, қоғам дамыған сайын экологиялық мәселелер де ушығып келеді. Қағаз өндіреміз, отын жағамыз деп орманды да жойдық. Оның алдын аламыз деп газ бен жағармайды да есепсіз пайдаландық. Нәтижесінде озон қабатын да тесіп тындық. Пластик өндіреміз, өмір сүруді жеңілдетеміз деп қазір сол пластиктен құтыла алмай жатырмыз. Бұған кім кінәлі? Экологиялық проблемалармен қалай күресеміз?
Адам жаратылғалы табиғаттан өз керегін алып отырған. Дегенмен, 18 ғасырда табиғаттың үстінен билік жүргіземіз әлемнің табиғи айналымын бұзып алдық. Цивилизация,...