AIR ASTANA КОМПАНИЯСЫНА ₸876 МЛН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
AIR ASTANA КОМПАНИЯСЫНА ₸876 МЛН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Эйр Астана әуе компаниясына 876 миллион теңге айыппұл салынды. Алматы қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аталмыш компания жолаушылардан жанармай алымдарын негізсіз алған деп отыр. Әуе билеттерін ұшатын күні немесе алдағы күндерге сатып алу кезінде "Эйр Астана" әуекомпаниясы жолаушылардың барлық санатынан 3500 теңгеден 6500 теңгеге дейін жанармайға негізсіз үстеме өндіріп алғаны анықталды.
"Отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиа отынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін. Оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмады", – делінген хабарламада.
Ал бұл құжат ел ішіндегі бағыттардың бағасын сақтап қалуға негізделген. Енді 6 желтоқсаннан бастап жанармай төлемдері болмайды. Сонымен қатар,...