Ғаламтор мәдениеті
Ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Аз уақытта әлем торласып үлгерді. Кешегі жаңалық, жаңалық болмай қалды. Сол заматта бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін… Африкадағы әлдебір тайпа көсемінің өлімін, Америкадағы гейлердің шеруін, Ауғандағы әйелдің аянышты халін, Үндістандағы жалаң аяқ кем-кетіктің ауыр тұрмысын, аш-жалаңаш балалар тағдырын дер шағында көресіз де, келесі несі бар екен деп елеңдеп отырғаның. Жақсылық іздеу – кемшін. Қандай өрт, апат, қанқұйлы іс болды екен деп елегіземіз көбіміз…
Ақпарат тасқынының қарқыны күн санап өсіп келеді. Былтырғы мереке биыл қасіреттерді еске түсіретін әлдебір дата яки елеусіз күннің бірі болып шыға...