Қоғамдағы әйел теңсіздігі
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті әйел образын жаңа қырынан суреттеген шығармаларға өте бай. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Бейімбет Майлинның «Шұғаның белгісі», Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» т.б. көптеген туындыларда әйел психологиясы мен оның нәзік болмысы суреттелген.
Роман жанрының алғаш қалыптасқан кезеңінде нәзік жандылардың тағдыры шығарманың негізгі арқауына айналып, қазақ қаламгерлерінің шеберлігі мен көркем ойлау жүйесі әлемдік деңгейдегі үздік романшылардың деңгейінен еш кем емес екендігін дәлелдеді. Әлем әдебиетінде ХVIII ғасырда қалыптасқан сентиментализм бағыты Батыс Еуропа жазушыларының әйел психологиясын зерделеп, олардың жаны мен ішкі болмысын бейнелейтін шығармаларының жарыққа шығуына ықпал етті. Мәселен, француз әдебиетінде Жан...