Журналист мамандығын оқу - әлемнің қыр-сырын ашу
Журналист мамандығын оқу жайлы өзіндік ой
Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген ұғыммен сәйкес. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист болуға мүмкіндік туады. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады. Журналистиканың нақты анықтамасы жоқ. Әркім оған өзінше анықтама беруге тырысады.
Журналист — бұл жаза алатын адам. Айтпағымыз, журналист деген аспаздыққа арналған кітапқа мәзір немесе туған туыстарыңа әдемі құттықтау жазуға икемі барлар емес. Ол әлемде болып жатқан алуан құбылысты зерттеп, саралай алатын, оны жазбаша...