Ақтөбеде мұғалімді жұмысқа қабылдау үшін пара алған білім бөлімінің басшысы сотталды
Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы Айбек Алданов 400 мың теңге пара алғаны үшін сотталды. Ол мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасуды қалаған адамнан танысы арқылы ақша алған, деп хабарлайды Kazinform.