Қытайда қазақтың ұлттық бұйымдарына сұраныс жоғары — алтайлық қолөнерші
Ұлттық өнерді жан-жақты түрлендіріп, бүгінгі танымға ықшамдап көпшілікке ұсынып жүрген қолөнерші Бағдагүл Оралтайқызы Алтайда тұрады. «Дана» сыртқы сауда серіктестігін құрған шебер 180 қыз-келіншекті тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Орталық Азия БАҚ өкілдері аталған компанияның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazinform.