Постмодернизм теориясы және қазақ прозасының жаңа дәуірі
Постмодернизм әдебиетте, өнерде ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болғанын бәріміз білетін болармыз. Модернизмнің күні батып, жаңа кезең өнер тариxының саxнасына шықты.
Осыдан біршама уақыт бұрын модернизм, постмодернизм, метамодернизм деген сөздер естілсе бұқара халық былай тұрсын, зиялы қауымның өзі үрке қарайтын. Енді міне біз қаласақ та, қаламасақ та бұл ұғымдар еркімізден тыс өмірімізге де еніп, әдебиетімізге бойлап кіріп, мәдениетімізге сіңіп бара жатыр. Себебі қазіргі уақытта өзімен-өзі оқшауланып, жеке дара өмір сүріп жатқан бірде-бір әдебиет, бірде-бір мәдениет жоқ. Нарықтық, ғылым-техникалық, постиндустриалды өркениеттер бір-бірімен қалай тоғысып, жымдасып, бір-бірін толықтырып, жетілдіріп жатса, әдебиет пен мәдениетке де жойқын ақпараттар дәуірі өз дегенін жасауда. Постмодернизм қашанда өміршең сананың жемісі. Ол қоғамды алға жетелеп, сананы сілкіндіруге жұмыс жасайды. Ол ескі мәннен жаңа пайым, өткен әлемнен жаңа әлем жасап...