Тіл құдіретін сезінген ханша
Ерте, ерте, ертеде. Өте әдемі, үлкен сарайда Айсұлу есімді ақылды қыз өмір сүріпті. Оның көп қуыршағы, шексіз әдемі көйлектері болса да, ештеңеге көңілі толмай алаңдаулы болды.
Ол өмірден өткен анасының қайта оралмасын сезінсе де, ұйықтар алдында тым болмаса анамды түсімде көрсем екен деп тілейтін. Кей кезде бала тілегі қабыл болып, таң атысымен түсінде не көргенін, анасымен қайда барғанын әкесіне айтып беретін.
Жүрегі қанша сыздаса да әкесі қызына ештеңе білдірмейтін. Айсұлу бір күндері әкесіне қоймастан бұрын анасы екеуі серуендеген орманға барғысы келетінін айтты. Әкесі амалсыз келісімін беріп, оны өзінің сенімді серігі Батырға тапсырды.
-Қызыма бас көз бол. Онда анасынан берілген бір...