Қазақ киноөндірісінің даму тенденциясы
Қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясы пәні аясында жазылған мақала
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Орындаған: мәдениеттану мамандығының 1 курс студенті Анарбай А.Е.
Жетекші: аға оқытушы Кудерина А.Н.
Қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясы пәні аясында жазылған мақала
Қазақстан – жер көлемі бойынша үлкен ел, дегенмен халқының саны аз әрі мұнда әртүрлі ұлттардың өкілдері мидай араласа өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар еліміз жиырма миллион тұрғыны бар – Орталық Азия аумағындағы экономикалық қуаты бойынша ең дамыған мемлекет. Мемлекетіміздің киноөнеркәсібі де осы аймақтағы елдер ішіндегі ең алдыңғы қатарлы, қарқынды деп есептеледі. Қазақстан киноөндірісінің қалыптасуы мен дамуы, киноөндіріс қайраткерлерінің шығармашылық өсімі белгілі қиындықтармен қатар жүрді. Бұл қиындықтар қазақ киносының бастапқы кезеңінде, ол өзінің дəстүрі, өзіндік жазуы, ал жұмыскерлердің тəжірибесі болмаған кезеңде ерекше байқалды. Сондықтан Қазақстан...