Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысында медициналық нысан ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет қаулысымен өткен жылдың соңында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық нысан салу жоспарланған. Бүгінгі күні биылға жоспарланған 12 нысанның 5-еуі халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Kazinform.