Заманауи қазақ театырының даму тенденциялары
Қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясы пәні аясында жазылған мақала
Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та сән-салтанатпен ырғалып-жырғалып, бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да болымсыз кішкене ұрықтан жайлы топыраққа көміліп, белгілі шартпен бағылып, қағылған уақытта ғана бой жасап өсіп-өнген.
Қазақ театр өнерінің өзіндік сипаты халқымыздың ежелден келе жатқан тұрмыс-салты мен әдеп-ғұрпына негізделген. Үйлену салтымен, нәрестенің дүниеге келу шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтың толып жатқан түрлері, ақындар айтысы, т.б дәстүріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болды.
Қазақ театырының бастауы.
Қазақ өнерінің қара шаңырағы – осы күнгі Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры...