Кенесары
Абылайдан кейін оның балалары Уәли, Есім мен Қасым хандық құруға әрекеттенеді. Бұлар Абылай көздеген ізгі бағытпен жүре алмады. Елді біріктіру орнына ру наразылығын тудырып, бейбітшілік тұрмысқа нұқсан келтірді. Соның салдарынан ел бытырап, хандық үстемдігі күйреуге айналды.
Содан кейін ел билеу ісін Қасым төренің балалары Есенкелді мен Саржан, Уәли ханның әйелі Айғаным, баласы Шыңғыс қолға алып, хандық үстемдікті одан әрі жүргізбек болды. Бірақ, олардың қай-қайсысы болса да, нәтиже шығара алмады.
Осы кезде төре тұқымынан Қасымның аса ширақ жауынгер ұлы Кенесары басқару ісіне сыбана кірісіп, «Абылай!» ұранын көтереді. Оған қазақтың, оның ішінде орта жүздің ақыл иесі, билері мен ержүрек батырлары қосылды. Осы...