Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы және қәжеттілігі
Көркем еңбек пәнінің балалар үшін маңыздылығы өте жоғары күрделі пән ретінде қарауымыз керек
Колбаев Азамат Кенжегалиевич.
Маңғыстау облысы.Жаңаөзен қаласы.№ 21Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі
Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы және қажеттілігі
Адамның өмірі еңбекпен тығыз байланысты.Еңбек адамзат қоғамының дамуы мен қалыптасуында маңызды роль атқарады.Өйткені адам мен еңбек ажырамас ұғым.Адамдардың мыңдаған ұрпақтарының еңбегінің арқасында қәзіргі өркениет қалыптасты.Мысал үшін ежелгі адамдар жануарлар сияқты өмір сүрдідеп айтылады.Адамдардың осындай дәрежеге жетуі тек қана ерекше қасиетінің арқасында болды,ол ойлау,еңбек жасай білу,жарата білу.Адамзат қоғамының ілгерілеуі еңбек дамуынсыз ешқандай болмайды.Демек адамды адам ететін еңбек.Адамның қоғамдағы орны еңбегімен анықталады,қазақ еліде еңбекті ерекше бағалап құрметтеген.Оған мысалы «Еңбек оздырады,жалқаулық тоздырады», «Еңбек түбі-береке»деген сияқты мақал-мәтелдерді,қанатты сөздерді келтіруге болады.Көркем еңбек пәні балаларды еңбек сүйгіштікке үйретеді және...