Үбі батыр туралы
Руы — масқар Халба дейтін адам алдымен Исатай, Махамбет көтерілісшілері жағында болады. Соңынан ханға сатылып, Махамбетті өлтірушілердің бірі болыпты.
Исатай Махамбеттің жан серігі беріш руынан. Үбі батыр, қасында ысық руынан Оразымбет дейтін жолдасы бар, Жайық өзенінің сол жағында жайлауда отырған тана руынан Шымыр деген ишанның үйіне түсіп отырады. Шай ішіліп, қой сойылып жатады. Сол кезде ишанның қойшы баласы жылап келеді:
— Жаңа бір қойымды екі атты кісі итаршып алып кетті, — дейді. Сонда ишан:
— Аһ! Кеше осы маңда Халба жүр деп еді, сол болмағай, — депті.
Сол-ақ екен, үбі асын қайырып:
— Бұйырса қайтып келіп жерміз, асты пісіре беріңдер!...