Алматыда трамвай жолаушыларын апаттан құтқарған ауғандық студент: Адамдарды құтқару - менің борышым
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда С. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің төртінші курсында оқитын ауғанстандық студент Башарат Хан Юссефи өзінің ерлік әрекетімен бүкіл елге танымал болды. Ол туралы телеарналар арнайы хабарлар дайындады, газеттерде мақалалар жарияланды. Тіпті әлеуметтік желілерді пайдаланушылар да оның бұл әрекетін батырлыққа балады.