Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Декабрь
2023

Қазақстанда зейнетақы жүйесі 2030 жылға дейін қалай өзгереді?

0
Қазақстанда зейнетақы жүйесі 2030 жылға дейін қалай өзгереді?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Қазақстанда зейнетақы жүйесі 2030 жылға дейін қалай өзгереді? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Қазақстанда зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер әзірленді. Зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызына дейін ұлғайту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қолданыстағы тұжырымдама аясында 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделгенін атап өткен жөн. 

Қолданыстағы тұжырымдама және түзетулер

Қазақстан Республикасы Еңбекмині Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры Виктория Шегайдың айтуынша, қазіргі уақытта ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындау тетігі пысықталып жатыр, ол мыналарды көздейді:

ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ЕТКД) 54 пайызынан 70 пайызға дейін ұлғайту ұсынылады;

қатысудың ең аз өтілін 10 жылдан 5 жылға дейін азайту;

зейнетақы мөлшерін шектеуді алып тастау (қазіргі уақытта ең жоғары шектеу қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болған жағдайда 1 ең төмен күнкөріс деңгейін көрсетеді).

Ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруды, барлық азаматтарға қатысты бірыңғай көзқарасты, ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіруді, зейнеткерлік алдындағы және зейнеткерлік жастағы азаматтардың еңбек қатынастарын және жұмыспен қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес келеді.

"Бұл ретте Тұжырымдамада зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар үшін зейнеткерлікке шығуды "кейінге қалдыру" құқығын беру көзделеді. Бұл болашақта ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға мүмкіндік береді, өйткені зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейінгі еңбек кезеңдері оның мөлшерін анықтау кезінде ескеріледі", - деді Виктория Шегай.

Жұмыс берушілерге міндетті жарна енгізу

Жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыты 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5 пайыз міндетті зейнетақы жарнасын (бұдан әрі – ЖБМЗЖ) енгізу.

Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмыскердің табысынан міндетті 5 пайыз зейнетақы жарнасын аударады.

Мемлекет басшысы ЖБМЗЖ мақсатын шартты-жинақтаушы құрамдауышты қалыптастырудан азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарын толықтыруға өзгерту, сондай-ақ кейіннен оларды әлеуметтік мұқтаждыққа пайдалану құқығын бере отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ЖБМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының бір бөлігімен толықтыру (салымшының таңдауы бойынша) арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке нысаналы шоттарды енгізу жөніндегі тәсілдерді мақұлдады.

ҚР Салық кодексінің шеңберінде жұмыс берушілерге жүктемені төмендетуі үшін енгізілетін ЖБМЗЖ шегерімдеріне жатқызу бөлігінде жеңілдіктер берілгенін атап өту қажет.

Бүгінгі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептеледі. Зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін және егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының жекелеген коэффициенттері енгізілді.

"Тұжырымдамаға түзетулер аясында еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қатысты өлім-жітімнің жекелеген коэффициенттерін пайдалану мәселесі қарастырылып жатыр, оларды өмір бойғы зейнетақы аннуитетінің құнын есептеу кезінде қолдану жоспарланып отыр. Бұл жаңашылдық зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы аннуитетін рәсімдеу мүмкіндігін неғұрлым қолжетімді етеді", - деп қосты Виктория Шегай.

Табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру деңгейін сақтау үшін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың параметрлері мен шарттарын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасады.

Тұжырымдамада ұсынылған шаралар болашақ алушылардың зейнетақысының мөлшерін олардың еңбек өтіліне барабар қамтамасыз етуге, зейнетақы төлемдерінің "сатып алу" қабілетін және жоғалтылған табысты алмастырудың халықаралық зейнетақымен қамсыздандыру стандарттарына сәйкес келетін деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Начался прием заявок на конкурс грантов для социальных НКО





Москва

ГЕРОИЧЕСКОЕ УЧАСТИЕ АРМЯН В СВО. ЧАСТЬ ЧЕТВЕРТАЯ


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Начался прием заявок на конкурс грантов для социальных НКО



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Анастасия Ивлеева

Хозяйка «голой» вечеринки Анастасия Ивлеева открывает в Москве азиатский ресторан




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Юные тулячки завоевали серебро и бронзу турнира по синхронному плаванию

Ход конем. В Москве на Гоголевском бульваре открылся летний шахматный клуб

Генпрокуратура потребовала передать государству велотрек с Олимпиады-80


Новак Джокович

Джокович совершил суперкамбэк на Ролан Гаррос и установил абсолютный рекорд



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России