Кенесары — Наурызбай (І нұсқа)
Әбілпейіз деген Бұхарада хандық құрып тұрған. Оның Мәрәйім деген бас уәзірі болады. Әбілпейіз ханға білдірмей, Мәрәйім соңына ханға қарсы адамдарды ертіп, ханды өлтіру жолын қарастырады. Күндердің бір күнінде Мәрәйім Әбілпейізді мейманға шақырып, шарап ішіп мас болған ханды өлтіріп, ертеңіне өзін хан деп жариялайды. Әбілпейіздің үй-мүлкін «хан таланды» деп талатып, үйін құртып жібереді. Әбілпейіздің әйелі бес жасар Абылай деген баласымен қашып, өзі қолға түсерден бұрын «ханның баласы деп тірі жанға айтпай асыра» деп, Ораз деген мүсәпір шалға береді. Бес жасар баланы Мәрәйім іздеткеннен кейін-ақ Ораз қария баланы алып қашып, Түркістан шаһарына келеді. Түркістанда біраз жыл тұрып, ең ауыр қалде өмір сүреді....