Қулығына құрық бойламайтын “интернет алаяқтық”
XXI ғасыр - интернет ғасыры болғалы қашан. Телефоннан бас көтермей,есалаң күйде жүргендейміз. Интернеттің тілін мықтап үйренгелі, құдды онсыз өмір тоқтап қалатындай деңгейге жеттік. Иә, ғаламтордың берері көп, тіпті жетіп артылады. Алайда, оның тигізер зияны мен зардабы, алдамшы көзбояушылықтары да бар. Соның бірі “интернет алаяқтық.” Сіз бен біз білмейтін интернет ресурстарын тиімді жолмен пайдаланатын әккі алаяқтар бүгінде аңқау қара халықты сан соқтырып жүр. Бірін үйінен, көлігінен айырса, бірін тіпті өмірінен айыратындай дәрежеге жеткізеді. Бұл қашанға дейін жалғаса бермек? Әлі қанша халық алданып, алаяқтықтың құрбаны болуы керек? Кез келгеніміздің бармақ тістеп қалмайтынымызға кім кепіл?
“Қарыздан құтылу,...