Болашаққа қадам: жоғарғы оқу орнын таңдауда қалай қателеспеу керек?
Жоғарғы оқу орнын таңдау-адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. Болашақ өміріңнің 4-5 жылын өткізетін ортаны қалай дұрыс таңдау керек? Осы мақалада мен жоғары оқу орнын таңдауда көмектесетін бірнеше кеңестермен бөлістім.
Мектеп бітіруші жас түлектер үшін алдымен мамандықты, сонан соң сол кәсіптің қыр-сырын меңгертетін жоғары оқу орнын таңдау - болашаққа жасалған ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі сіздің білім алып жүрген ортаңыз сіздің тұлға болып жетілуіңізге тікелей әсер етеді. Бұл жазбада мен университет таңдауда сізге көмектесетін бірнеше кеңестермен бөліскім келеді.
Оқу орнын таңдауда қателеспеу үшін:
Университеттер ұсынған білім беру бағдарламаларымен танысып, өзіңіздің қызығушылықтарыңызға және мансаптық мақсаттарыңызға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Университеттің, оның кафедралары мен оқытушыларының беделі туралы зерттеулер жүргізіңіз.
Университеттің орналасқан жерін қарастырыңыз. Өзіңізді жайлы сезінетін жерді шешіп, климатты, мәдени ортаны және қызметтердің қолжетімділігін ескеріңіз.
Оқу ақысын, қаржылық...