Бронх демікпесі: қыста аурудың асқынуынан қалай қорғануға болады
Бронх демікпесі – тыныс жолдарының ең жиі кездесетін ауруы. Созылмалы өкпе ауруы кез келген жаста болуы мүмкін. Демікпенің емі жоқ, бірақ бақылауға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде бронх демікпесі диагнозы қойылған 262 миллионға жуық науқас бар. Оның ішінде Қазақстан халқының 10%-ы демікпеге шалдыққан. 11 желтоқсан – Дүниежүзілік бронх демікпесіне қарсы күрес күні болды. Осы орайда, Kazinform тілшісі Алматыдағы ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты Орталық клиникалық ауруханасының аллерголог-дәрігері Зарина Жәкібаевамен сұхбаттасқан болатын.