Соңғы ханның құпиясы
Абылайдың көп ұлдарының ішінде қалмақ қызынан туған Қасым басқа балаларына қарағанда қаһарлы, уытты, көкжал туса керек. Халық оны «қан шеңгелдеп туған Қасым» деп атаған. Абылай қайтыс болып орнына үлкен ұлы Уәли хан болды. Арқа-басы кең, қазақшылығы мол Уәлидің тұсында Орта жүз қазақтарының жеріне орыстар қоныс тебе бастады. Мұны ұнатпаған Қасым ағасы Уәлиге әкесі Абылайдың жолын берік ұстауды ескертеді. Қасым: «Әкеміз Абылай елін, мекендеген жерін орыс, қытай, қалмақтан қорғауда басын қатерге тігіп, бар өмірін сарп етіп еді. Ұшы-қиыры жоқ ұлан-байтақ кең далада қос тепкен көшпелі қазақтардың басын қосып, ынтымақ бірлігі зор, жауына намысын жібермейтін іргелі ел етіп, сыртқы шетелге танытып еді. Пышақты бос ұстаған қолын кестірер болмасын», — дейді.
Абылайдың көп ұлдарының ішінде қалмақ қызынан туған Қасым басқа балаларына қарағанда қаһарлы, уытты, көкжал туса керек. Халық оны «қан шеңгелдеп туған Қасым» деп атаған. Абылай қайтыс болып орнына үлкен ұлы Уәли хан болды. Арқа-басы кең, қазақшылығы мол Уәлидің тұсында Орта жүз қазақтарының жеріне орыстар қоныс тебе бастады. Мұны ұнатпаған Қасым ағасы Уәлиге әкесі Абылайдың жолын берік ұстауды ескертеді. Қасым: «Әкеміз Абылай елін, мекендеген жерін орыс, қытай, қалмақтан қорғауда басын қатерге тігіп, бар өмірін сарп етіп еді. Ұшы-қиыры жоқ ұлан-байтақ кең далада қос тепкен көшпелі қазақтардың басын қосып, ынтымақ бірлігі зор, жауына намысын жібермейтін іргелі ел етіп, сыртқы шетелге танытып еді....