Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Декабрь
2023

Жамбыл облысының тағы 91 ауылдық округі «Ауыл аманаты» жобасына енеді деп жоспарлануда

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте «Ауыл аманаты» жобасының  жүзеге асырылу барысы және өңірлік геоақпараттық жүйесінің жұмысына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Жиында ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Нұржан Мұқашев  Жамбыл облысында 2019-2023 жылдар аралығында жалпы 62 ауылдық округте «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылғандығын айтты. Ағымдағы жылы бірінші бағыт – үй […]

Сообщение Жамбыл облысының тағы 91 ауылдық округі «Ауыл аманаты» жобасына енеді деп жоспарлануда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте «Ауыл аманаты» жобасының  жүзеге асырылу барысы және өңірлік геоақпараттық жүйесінің жұмысына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Жиында ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Нұржан Мұқашев  Жамбыл облысында 2019-2023 жылдар аралығында жалпы 62 ауылдық округте «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылғандығын айтты.

Ағымдағы жылы бірінші бағыт – үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша – 13 608 ауладағы 1 377 га жер игерілді. Екінші бағыт – мал шаруашылығын дамыту бойынша ауыл тұрғындарына 130,6 мың бас мал сатып алуға 20,3 млрд. теңге бөлінген. Үшінші бағыт – ауыл сыртындағы елді мекен жерлерін тиімді пайдалану үшін – 28,8 мың гектар егістік жер бекітіліп берілді. Төртінші бағыт бойынша құрылған кооперативтер арқылы шаруаларғы жалпы 3,5 млрд. теңгеге 381 бірлік ауылшаруашылық техникалары сатып алынды. Бесінші бағыт – бизнес жобалар бойынша 1,3 млрд. теңгені құрайтын 190 жоба жүзеге асуда. Аталған жұмыстар нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімін 2,2 есеге арттырып, 4,5 мың жеке кәсіпкерді тіркеледі деп күтілуде.

2024-2025 жылдар аралығында аталған жоба игілімен облыстағы тағы  91 ауылдық округтің 490 мыңнан астам тұрғынын қамту жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстарға 45,5 млрд. теңге бөлінбек. Алдын ала есептеулер бойынша 25 мыңнан астам кәсіпкер тіркеліп, 7,5 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, АӘК алушылардың саны 8 мыңға төмендейді деп көзделуде.

Басқосу барысында бірқатар басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, жайылымдық жерлерге жер телімдерін бөлу, кооперативтердің ауыл шаруашылығы техникалары үшін тұрақтар салу мәселелері бойынша есептері тыңдалды.

Ербол Қарашөкеев жауаптыларға «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асып жатқан бизнес-жобаларды жан-жақты зерделеп, талдау жасап,  бөлінген қаржыны уақтылы әрі сапалы игеру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Ноқрабеков геопорталға деректерді енгізу және мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсетуге қатысты жұмыстарды баяндады.

Сообщение Жамбыл облысының тағы 91 ауылдық округі «Ауыл аманаты» жобасына енеді деп жоспарлануда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.





Губернаторы России
Москва

Собянин сообщил о планах создания отечественной платформы электромобиля





Москва

Новые городские проекты в сотрудничестве с парком Юрия Лужкова готовит Фонд Юрия Лужкова


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин рассказал, как можно посетить экскурсии в зданиях посольств разных стран



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Игорь Бутман

"Все наши — здесь": Бутман, Машков, Гусева, Немов поделились эмоциями от Парада Победы




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Пензенские регбистки выиграли первенство России

Заммэра Москвы Ефимов: набережная в Южном порту увеличится в 1,5 раза

Собянин рассказал о ходе строительства Троицкой линии метро


Даниил Медведев

Тарпищев: нельзя Медведева назвать главным претендентом на золото Олимпиады



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Сергей Собянин. Главное за день



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России