Астана клубының сарапшылары Еуразиядағы жаңа қауіпсіздік архитектурасын талқылады
Елордада «Бейбітшіліктің жаңа формуласы: трансформация қарсаңында» тақырыбына арналған Astana Club VII отырысы өтті. Сарапшылар әлемдік экономикадағы ахуалды, Орталық Азия өңірі елдерінің даму қарқынын талқылап, әскери қақтығыстарды шешу мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды Kazinform.