Кенесарының қырғызға ақырғы аттанғаны
Маған айтушылар Шыңбай Мыңбайұлы әм Бектемір молла анық білмейді, иә Атбасар, иә Ақмола, Адыр қаласы салып жатқанда, — салғызбаймыз! — деп Кенесары үш рет шауып, үйлерін бұзып, ақырғы ретінде зеңбірегін, басқа мылтық қару-жарақтарын алды. Бір үйдің ішінен бір үлкен темір сандық шықты. Соны сындырып бұзғанда, ішінен алтын-күміс теңгелерін алып, басқа толып жатқан көк ала, сары ала, сұр ала алақанның үлкендігіндей онан кіші қағаздар шықты. Сол қағаздарды Шыңбай алып желге ұшырып жатқанда, қуандықтан келген бір адам: «Мұны маған бер? — деп жиып алды, — үйге барғанда балдар ойнасын», — деп.
Кенесары қолдарымен қайтқанда әлгі адам қағаздарды жиып алған көрінбей кетті. Кенесары...