ЖУРНАЛИСТ ӘДЕБІ ЖӘНЕ БАСПАСӨЗ
Журналист-ол, халықтың көзі мен айнасы. Қызығы мен қиыны қатар жүретін бұл салада ең басты талаптардың бірі: журналист әдебі және баспасөздік дұрыс қалыптасу жүйесі. Әдеп-тек қана адамдықтың ғана белгісі емес, адалдық пен шыншылдықтың, рухани құндылықтың өзегі.Журналист-ақиқатты әдеппен, әдепті шындықпен жеткізетін тұлға.
Әдеп - мораль , адамгершіліктің түрлері мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Ол - сонымен бірге, философияның бір саласы, тәрбие туралы ғылымдардың арқауы. Ал, кәсіптік әдеп - жалпы адамзаттық моральдың бірлігі арқылы байланысады. Кәсіптік әдеп - жалпы моральдың жай ғана механикалық көшірмесі емес. Осы себептен де әр кәсіп саласының өзіне лайық әдеп нормалары туып, қалыптасады.
Қазақстан журналистерінің кәсіптік әдеп мәселесімен шындап бетпе-бет келгеніне көп уақыт өтпесе де,...