«Орал трансформатор зауыты» ЖШС өнім көлемін молайтып, ынтымақтастық аясын кеңейте түспек (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Орал трансформатор зауыты» ЖШС өнім түрлері мен көлемін көбейте отырып, Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтастықты барынша нығайта түспек. Бұл туралы «Alageum Electric» холдингтік компаниясының Қазақстанның батыс өңіріндегі және Ресей Федерациясындағы әріптестері, тұтынушыларымен кездесуінде айтылды.