Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Декабрь
2023

Талдықорғанда Желтоқсан оқиғасына арналған ескерткіш орнатылады

0
Талдықорғанда Желтоқсан оқиғасына арналған ескерткіш орнатылады

Алдағы уақытта Талдықорғанда Желтоқсан оқиғасына арналған ескерткіш орнатылады. Бүгінге дейін қалалық комиссия ескерткіштің бірнеше эскиздік нұсқасын қараған. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев бүгін желтоқсандықтармен өткен кездесуде өз орынбасары мен қала әкіміне Желтоқсанның символдық мәнін ашатын үздік жобаны таңдап, алдағы жылдағы Республика күнінде ескерткішті ашуды тапсырды.

Талдықорғандағы Салтанат сарайында өткен кездесуде облыс басшысы жыл сайын Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасында мерт болған азаматтарды еске алып, оқиғаның тікелей қатысушыларымен жүздесуді биыл екінші жыл өткізіп отырғанын атап өтті. Елімізде қолға алынған саяси-экономикалық реформалардың барысы, облыстың даму бағыты жайында қысқаша баяндады.

"Тәуелсіздікке қол жеткізу бір бөлек, ал оны сақтап қалу, мемлекетіміздің іргесін нығайту, еліміздің береке-бірлігін сақтау - ел болашағының ең маңызды мәселесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Желтоқсан оқиғасының әлі күнге дейін өзінің лайықты саяси бағасын алмағанын айтқан болатын. Расында да тарихты соңғы кездері ғана қайта пайымдау қажеттігін сезіне бастадық. Кешегі Алаш қайраткерлері бізге Отанды сүюдің жарқын үлгісін көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары желтоқсандықтардың қайсарлығы, биік рухы – елжандылықтың айқын көрінісі. Бүгінгі ұрпақ осының бәрін біліп өсуі керек. Ендігі кезекте сіздерді қоғамды ұйыстыруға, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға, Жаңа Қазақстанды бірге құрысуға белсене атсалысады деп сенемін. Бүгін өздеріңізбен еркін форматта ой бөлісіп, пікір алмассақ деймін", - деді Бейбіт Исабаев.

Осы орайда сөз алған "Жетісулық желтоқсандықтар" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ермұхан Жүнісханұлы еліміздің әрбір азаматының елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін деген отаншылдығы басым болса, шығар биігіміз бен жетер жетістігіміз молая түсетінін, соған желтоқсандықтар да қал-қадірінше үлес қосатынын айтты.

Сол сияқты Отан Смағұлов, Мария Рысбекова, Бағдат Айтмұқаевалар да тарих пен бүгінгі күнді сабақтастыра отырып, ой қозғап, желтоқсандықтарға жасалған қолдаулар үшін ризашылық білдірді.

Бейбіт Исабаев бұған дейін айтылған Талдықорған қаласында Желтоқсан оқиғасына арналған ескерткіш орнату туралы мәселеге қатысты нақты тапсырмалар берді.

"Желтоқсан оқиғасы – бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы айрықша оқиға. Сондықтан бұл ескерткіш, қазақ жастарының ерлігі мен өр рухын айқындайтын, халықты бірлік пен ынтымаққа шақыратын композиция ретінде айшықталуы керек. Осы орайда Талдықорған қаласының әкімдігі жанындағы комиссия жобаны түпкілікті бекітіп, ескерткіштің орнатылатын жерін анықтауы қажет. Бұл бағытта орынбасарым Марлен Көлбаев пен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілге тиісті жұмыстарды жүзеге асырып, келесі жылы 25 қазан - Республика күнінде ескерткішті ашуды тапсырамын", - деді Бейбіт Исабаев.

Ескерткіш Талдықорғанда Гаухар ана көшесіндегі саябақта қойылады деген жоспар бар. Жиында айтылғандай, алдымен саябаққа ескерткіш орнатып, айналасын ретке келтіріп, содан кейінгі кезекте барып саябаққа атау беру жағы ойластырылады. Ең бастысы бұл - Желтоқсан оқиғасының символдық жағынан мән-маңызын айшықтайтын лайықты ескерткіш болуға тиіс.

"Қазіргі кезде жас балалардың қажетсіз ақпараттар легіне қарсы тұрар иммунитетінің әлсіздігінен ұрпақ тәрбиесінде түрлі проблемалармен бетпе-бет келіп отырмыз. Осыған байланысты Талдықорған мектептерінде менторлық жоба қолға алынды. Сол жобаға сіздер де белсене қатысыңыздар. Жасөспірімдермен әңгімелесіп, дәріс оқыңыздар. Ұрпақ тәрибесіне – бәріміздің ортақ парызымыз" - деді облыс әкімі қорытынды сөзінде.

Осы жиында 6 адамға облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.

Атап өтсек, биыл Жетісу облысында желтоқсандықтарға, яғни 85 адамға санаторлық-курорттық емге 12 миллион теңге бөлінсе, 200 мың теңге көлеміндегі бір жолғы төлемге 17 миллион теңге қарастырпылған болатын. Мұндай қолдау шаралары облыста тұратын желтоқсандықтар үшін 2024 жылы да жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Губернаторы России
Москва

Собянин: В июне в Москве пройдет цикл мероприятий для собак и их владельцев





Москва

В Подмосковье сотрудники Росгвардии задержали подозреваемого в краже товаров из магазина


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин. Главное за день



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Comedy Club

«Жуки» возвращаются: телеканал ТНТ и Comedy Club Production объявляют о продолжении народного хита про трех айтишников в деревне




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Сделано в СССР. Первое историческое ралли в Москве стартует 2 июня

Бойцовская лига «Наше Дело» представит спортивную зону на Дне России

ТАСС: Паралимпийский комитет России провел урок и мастер-классы для участников СВО


Ролан Гаррос

Теннисист Рублев вышел во второй круг Открытого чемпионата Франции



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Запрудский парк в Коломне на прошлой неделе посетили более шести тысяч человек



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России