Желтоқсанның мұзға жанған алауы
Желтоқсан оқиғасы-Тәуелсіздігіміз бен тарихымыздың алтын тұғыры.
2023 жылы 15 желтоқсан күні https://farabi.university Колледжінің Бағдарламалыққамтамасыз ету-110 тобының студенттері арасында «16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне» орай ашық кураторлық, тәрбие сағаты өткізілді. Кураторлық сағатты топ студенттері Абылхан Алихан мен Рымбек Алдияр мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіді. Кешімізге «қазақстан тарихы» пәнінің мұғалімі Егеубаев Әдлет Амангелдіұлы, «алғашқы әскери дайындық» пәнінің мұғалімі Закулин Мұхтар Сейткалинович, «қазақ тілі» пәнінің мұғалімі Әсембаева Алтын Шакержанқызы және «математика» пәнінің мұғалімі Інішбек Бексұлтан қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылды.Сондай-ақ, тарихымызға, мәдениетімізге байланысты видео ақпараттар мен презентациялар қорғалды. Өлең жолдары мәнерлеп оқылды. Сұрақ-жауап арқылы викторина мен ойындар ұйымдастырылды.
Топқа сабақ беретін оқытушылардың бірі «алғашқы әскери дайындық» пәніңің мұғалімі Мұхтар ағай саясаттану мен тарих саласын байланыстыра отырып, білімалушылардың бейбіт елде, кең байтақ өлкеде өмір кешіп жатқандықтарын айта кетті. Тарихқа...