Қытай Apple өнімдерінен бас тартып жатыр
Кейінгі уақытқа дейін Apple мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейге жеткен - компания өндірісті белсенді дамытып, Қытай нарығының қажеттілігін өтеу үшін барын салды, ал Қытай билігі жұмыс орындары мен салық алып отырды. Қарапайым тұтынушылар ең заманауи «Apple» өнімдерін алуға тырысатын. Қазір бәрі керісінше – Bloomberg-тің хабарлауынша, Қытайдың түкпір-түкпіріндегі компаниялар өз қызметкерлерінен Apple iPhone телефонын (және шетелдік брендтердің басқа да гаджеттерін) жұмысқа әкелмеуді талап етіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.